Ғылыми білім – тәжірибе арқылы
дәлелденген, объективті шындықты бейнелейтін білім. Оның
негізгі функциясы – табиғат, қоғам, ойлау заңдарын
жалпылау.
Салыстырмалы білім – уақытша, толық емес білім
(қателікке бейім).
Абсолютті білім – толық әрі дұрыс
бейнеленген, шындыққа сәйкес білім.
Таным түрлері:
Сезімдік таным – түйсік, қабылдау, елес,
қиял арқылы жүзеге асады.
Рационалды таным – ұғым, пікір, ой қорытындысы арқылы қалыптасады.